Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы жарылыс: 6 адам қаза тапты, 53 адам жарақаттанды

Ыстамбұлдағы жарылыс: 6 адам қаза тапты, 53 адам жарақаттанды

Оқиға Таксим алаңындағы қаланың ең танымал “Истикляль” жаяу жүргіншілер көшесінде болған. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер бар.  Жарақат алғандардың бірқатары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Полиция қауіпсіздік шараларын қабылдап, көшедегі жаяу жолаушылар мен көлік қозғалысын тоқтатты. Ыстамбұлдағы жарылыс: 6 адам қаза тапты, 53 адам жарақаттанды Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулдығы жарылыс құрбандарының арасында ел азаматтарының бар екені туралы ақпаратты анықтау үшін Түркияның құзырлы органдарымен және әкімдікпен байланыста екенін жеткізді.