Қытай құрамасындағы конькиші Ақнәр Адаққызы әкесінің аманатымен үлкен спортқа оралған
Қытай құрамасындағы конькиші Ақнәр Адаққызы әкесінің аманатымен үлкен спортқа оралған
XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай құрамында сынға түсіп жатқан конькиші қазақ қызы Ақнәр Адаққызы көптеген БАҚ-тың назарын аударуда Ақнәр Адаққызы 1999 жылы Шыңжаң өлкесі, Хутуби ауданы, Шитизи қазақ автономиялы елді мекенінде туған. Ақнәр 5 жасынан бастап коньки тебеді. Оған алғашқы конькиін ағасы сыйлапты. Дәл осы сыйлық оның спорттық өмірінің бастамасына айналады. 10 жасында спортқа деген әуестігіне кәсіби түрде қарап, жаттықтырушысының бағыт-бағдарымен шұғылдана бастайды. Күн сайынғы тынымсыз еңбек пен табанды жаттығулар көп ұзамай нәтижесін де көрсетеді. Ақнәр Шыңжаңдағы жасөспірімдер арасынан айрықша көзге түседі.