Жаңалықтар

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды  Ақорда. Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.