Жаңалықтар

Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраров бүгін пресс-конференция өткізеді

The final spritzer

Боксшы журналистерге өз шындығын айтпақшы

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров бүгін, 24 тамыз, сағат 17:00-де журналистерге арнап пресс-конференция өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Желіде Жанқош Тұраров 28 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тараған еді. Алматы қаласының полиция департаменті 19 тамыз күні түнгі 11 шамасында Әуезов ауданының полиция басқармасына түскен ақпаратты растаған болатын. 

Ал кеше "Жанқош Тұраровтан зорлық көрдім", - деген Әнару Құрманәлі журналистерге сұхбат беріп, боксшының заң алдында жауап беруін талап ететінін мәлімдеген болатын.