Қызылорда облысында екі жасөспірім суға батып кетті
Қайғылы оқиға 1 маусымда болған. Екі жасөсіпірім рұқсат етілмеген жерде суға түскен.
Төтеншеліктердің мәліметінше, олар рұқсат етілмеген және жабдықталмаған жерде шомылған.
Осы ретте құтқарушылар барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын ескертеді.