Жаңалықтар

Қызылордада жаңа Қан орталығы пайдалануға берілді

Оның ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысты

Ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтында жарияланды, деп жазады Jambylinfo.kz.

Облыс орталығындағы Қан орталығы жылына 10 мың адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. 

Қызылорда облысында жыл сайын өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны донорлық қан тапсырады. Орталықта медициналық ұйымдардың сұранысы бойынша қан компоненттерінің шамамен 17 мың дозасын дайындау жоспарлануда.

Сонымен қатар іс-шарада өңірдің 11 медициналық мекемесінің басшыларына 70 санитарлық автокөліктің кілті табысталды.