Жаңалықтар

Қызылордада бір тәулікте 10 жасөспірім жоғалған

The final spritzer

Жоғалған балалар табылып, ата-анасына табысталған

Қызылордада бір тәулікте 10 жасөспірім жоғалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 


Бір тәуліктің ішінде полицияның "102" арнасына 10 жасөспірімнің хабар-ошарсыз кетуі бойынша өтініштер келіп түскен. Тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларын бастап, қала көлеміндегі барлық полиция күштеріне бағыт-бағдар беріліп, белсенді жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде барлық жасөспірім табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды.

Қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі үшін алғыстарын білдірген.

Айта кетейік, Ювеналды полиция қызметкерлері алдағы уақытта да бала қауіпсіздігі бағытындағы шараларды күшейтіп, қоғаммен бірлесе жұмыс жүргізетіндерін жеткізді.