Жаңалықтар

Заңдастырылған көліктер 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады

Заңдастырылған көліктер 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 16 қарашада утилизациялық алым төленетін тауарлар тізімін жариялады. Құжат 2023 жылы қаңтардың ортасында күшіне енеді. Бірақ онда президент заңдастыруды тапсырған шетелде тіркелген машиналардың бұл алымнан босатылатыны жазылмапты. 31 қазанда утиль алымы мен алғашқы тіркеу сомасының орнына 200 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем алынатыны белгілі болды. Бұл шешім Салық кодексіне өзгеріс енгізу жобасында жарияланған. Kolesa.kz редакциясына Экология министрлігі түсіндіргендей, дайындалып жатқан құжат алдағы бірнеше жыл бойы қолданылатындықтан, тауарлар тізімін өзгертуге болмайды. Ал шетелде тіркелген машинаны заңдастыру жұмысы уақытша мәселе, оған жеке түзету жазылады. Қолда бар ақпаратқа сенсек, заңдастырылған көліктер 2023 жылы 1 қаңтардан бастап утиль алымынан босатылады.