Заңгерлер жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасын қолдайды
Заңгерлер жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасын қолдайды
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша адвокаттар алқасы, нотариаттық және заң палаталары өкілдерінің қатысуымен «Антикор» орталығында өткен кездесуде айтылды. Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы Агенттік тарапынан бастау алған жобаның мақсаты туралы айтып өтті. Жобаны жүзеге асыру барысында белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға волонтер ретінде тарту жоспарлануда. Жобаның үшінші бағыты «probono еріктілік» тегін заңгерлік көмек көрсету қарастырылған. Pro bono сөзінің мағынасы «қоғамдық игілік үшін» дегенді білдіреді. Әдетте бұл термин кәсіби маманның ақысыз қызмет көрсетуін білдіреді. Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.Дайрабаев, Жамбыл облысы адвокаттар алқасы, Жамбыл облысы заң консультанттарының палатасы, Жамбыл облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы және Жамбыл облысы аумақтық нотариаттық палатасының өкілдері қатысып, аталған жобаға қолдау білдіріп, жоба аясында белсенді жұмыс атқаратынын жеткізді, сонымен қатар бірқатар ұсыныстар енгізілді. Кездесу нәтижесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, жобаны тиімді жүзеге асыру бойынша жоспар әзірленді. Жоба бойынша толық ақпарат алу үшін сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/documents/details/502384?lang=kk Байланыс үшін: 8 (7262) 93-60-20, 8 771 111 11 86