Жаңалықтар

Зарина Қуатова Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Зарина Қуатова Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Белгілі журналист Зарина Қуатова Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі  болып тағайындалды. Зарина Пердыбекқызы Қуатова 1986 жылы 14 қыркүйекте Жамбыл қаласында дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ды ағылшын және түрік тілдері, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-ды құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы -«Қазақстан Тараз» телеарнасында редакторлық қызметтен бастап, шеф-редактор, редактор болды. 2015-2019 жылдар аралығында «KAZYNA TAU» ЖШС-ның «77ТV» телеарнасында директордың орынбасары-бас редактор, директор қызметтерін жемісті атқарды. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап – «KZ MEDIA GROUP» ЖШС-ы «TARAZ24» ақпараттық интернет арнасының директоры. Соңғы қызмет орны Жамбыл облысы «Рухани Жаңғыру» жобалық офисі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. Зарина Пердыбекқызы мектепте оқып жүргенінде-ақ үздік оқуы және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатына ие болған. Студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда үшінші орын алғаны үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дипломымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ арасында ұйымдастырған республикалық байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен, «Нұр Отан» ХДП ұйымдастырған республикалық байқауда ІІ дәрежелі дипломмен, «Қазақстан» РТРК АҚ-ы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай аймақтық филиалдар арасында ұйымдастырған конкурста «Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Тілдарын-2009» облыстық олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен, Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында аймақтық филиалдар арасында өткізілген конкурста «Жаса, менің елім!» хабары үшін үшінші дәрежелі дипломмен, Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда «Жылдың ең үздік телеарна тілшісі» номинациясы бойынша дипломымен марапатталған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі құрылысының тұсаукесерін Елбасына таныстыру мақсатында ұйымдастырылған телекөпірді жүргізгені үшін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Алғыс хатын, «Экспо-2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ақпараттандырған