Жаңалықтар

"Өзбекстанда спортшылар депутат болмайды": Баходир Жалолов қазақтарға таң қалатынын айтты

Бұл туралы боксшы қазақ журналисіне берген сұхбатында айтқан

Бокстан Өзбекстаннан шыққан екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" подкастына сұхбат берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Өзбек боксының айтуынша, Өзбекстандағы бірде-бір спортшы депутат болмаған. 

"Біздің елде спортшылар депутат болмайды. Өйткені спортшылардың қолынан бұл іс келмейді. Менің ойымша, әркім өз жұмысын істеуі тиіс.  Мен Өзбекстанда депутат болып сайланған немесе лауазымды қызмет атқарған бірде-бір чемпионды білмеймін", -дейді боксшы. 

Жақында әуесқой бокстағы мансабын аяқтаған ол спорттан кетпейтінін айтқан.