Зейнетақы активтері артты – Досаев

0 3

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, биылғы жылдың тамыз айында сыртқы қаржы және тауар нарықтарындағы, сондай-ақ ішкі экономикадағы ахуал тұрақты болып қалды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері зейнетақы жинақтарын алу қарқынының төмендеуі аясында 52 млрд теңгеге немесе 0,4%-ке ұлғайып, биылғы тамыздың соңында 12,9 трлн теңгені құрады. Мысалы, қаражатты ай сайынғы алу көлемі ақпан айындағы 643 млрд теңгеден тамыз айында 118 млрд теңгеге дейін немесе 5,5 есе баяулады.

«Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны 1,8 трлн теңге сомасына 449,3 мың болды, оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге – 1 765 млрд теңге немесе 97,9%», деді қаржы реттеушісінің басшысы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.