Жұлдыз Әбдукәрімова балаларына өлім тілеген 2 әйелді сотқа берді
Жұлдыз Әбдукәрімова балаларына өлім тілеген 2 әйелді сотқа берді
Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желіде шектен шыққандарды енді заңмен жазаламақ. Актриса осы уақытқа дейін үш адамның үстінен іс қозғатқанын айтады. Олардың екеуі Қайрат пен Жұлдыздың балаларына өлім тілесе, үшіншісі актрисаның өзіне тіл тигізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Жұлдыз мәдениетсіздік танытатын азаматтарды ел алдына шығара бастады. Актрисаның айтуынша, әлеуметтік желіде тәртіп орнатудың жалғыз жолы – осы. "Көлікте белбеу тағуды штрафпен үйреткендей, инстаграмда мәдениетті болуды осылай ел алдына шығарумен тоқтата алатын сияқтымыз", – деп жазды ол.
Әбдукәрімова жеке басына тіл тигізген ер жігітті көрсетті. Оның үстінен арызданғанын мәлімдеді.
"Үндемеген сайын үдеп барады. Дәл осы жігітті және балаларыма өлім тілеген 2 әйелдің үстінен заңгерлерім іс қозғады. Әлеуметтік желіге де тәртіп керек. Осындай өрімдей жастар үйіндегі әке-шешесінің абыройын ойлай ма екен?! Балам үйде, қылығы түзде деген. Бұл негативтің иесі туралы ақпарат әп сәтте жиналды. Енді әрі қарай іс қозғалмақ", – деп мәлімдеді актриса.