Жұлдыз Әбдікәрімова Кореяға кететінін айтты
Еліміздегі соңғы жайларға байланысты өз пікірін әлеуметтік желіде білдірген Қайрат Нұртастың әйелі, әнші, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Кореяға кететінін айтты. Оның сөзінше, мұндай шешім қабылдауына бірнеше себеп бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өнер иесі Instagram парақшасында көктемгі тілсіз жаудың еліміз үшін оңай соқпай тұрғанын айтып, оқырмандарын дұғада болуға шақырды.
Сондай-ақ Жұлдыз Әбдікәрімова сәуір айында Кореяға баратынын айтты. Шетелге ол сакураның гүлдегенін көру мен жұмыс барысы бойынша барады екен.