Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы шулы мәлімдеме жасады

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) шулы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылдың соңында америкалық Деметриус Андрадені (32-1, 19 КО) жеңген WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион Дэвид Бенеавидеске (28-0, 24 КО) үндеу тастады.

Сонымен қатар, көптеген бокс жанкүйерлері Бенавидестің мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегін көруді армандайды. Бірақ мексикалық боксшы бұл жекпе-жектен барлық жағынан аулақ жүреді. Осыған байланысты Жәнібектің мәлімдемесінің астындағы астарлы ойды қолдап, "Канелоны" масқаралағандар көп болды.