Жаңалықтар

Жұқпалы індеттің алдын алуға арналған жиын

Жұқпалы індеттің алдын алуға арналған жиын

 width= Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінде жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған жиын өтті. Басқосуға мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков сондай-ақ барлық деңгейдегі қызметкерлер қатысты. Жиында облыстық «Садыхан» ЖШС кеңестік диагностика медициналық орталығының эпидемиолог-дәрігері Талғат Көпелбек жұқпалы аурудардың асқынуы күрделі ауруларға ұласуы мүмкін екенін атап өтті.

Талғат Оразбекұлы өз сөзінде тұмау асқынса, отит, синусит, менингит, пневмонияға, ал коронавирус асқынса, өкпе эмболиясы, миокардит, перикардит, спонтанды пневматороксқа ұласуы ықтимал екенін баса айтып, аталған белгілердің бірі байқалса, дер кезінде қаралуды ескертті. Жиын соңында Бақытжан Зикенұлы арнайы контингентпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін ҚАЖ қызметкерлерінің денсаулығы қатаң бақылауда болатынын, қызметкерлер түрлі медициналық тексерістерден сапалы әрі уақтылы өтетінін тілге тиек етіп, ақыл-кеңесі үшін ақ халатты дәрігерге алғысын білдірді.