Жаңалықтар

Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды

Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды

Беларусь елінің ашық біріншілігінде Қазақстанның жүзушілері табысты өнер көрсетіп жатыр.  width= Жарыстың екінші күні жерлестеріміз тағы екі жүлдеге қол жеткізді. 50 метрге еркін тәсілмен малтуда Александр Варакин 22.37 секундтық көрсеткішпен күміс медальді иеленді. 400 метрге жүзуде Ғалымжан Балабек те екінші орынды еншіледі. Оның уақыты – 4:01.60 минут. Бүгін Қазақстанның тағы бірнеше спортшысы жарыс жолына шығады. Олар – Әділ Қасқабай, Анастасия Резванцева, Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева және Ғалымжан Балабек.