Жаңа оқу жылы: Өңірлерде тамыз конференциясы басталды
Республикалық тамыз конференциясы 21 тамызда өтеді
Бүгін еліміздің 20 өңірінде білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің өңірлік секциялық отырыстары басталды. Ал негізгі республикалық іс-шара 21 тамызда өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, алғаш рет республикалық шара халықаралық саммит форматында білім саласындағы сарапшылар - халықаралық қонақтардың қатысуымен өтеді.
Биылғы жылы саммит «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында цифрландыруға және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына арналған.
Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін облыстық басқармалардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
21 тамызда өтетін педагогтердің республикалық тамыз саммитінің пленарлық отырысына білім саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуы күтілуде. Оған онлайн режимде 500 мыңнан астам педагогтер қатысуға мүмкіндік алады.