Жаңалықтар

Жаңа оқулықтар: Қазақстанның 31 мектебінде тестілеу басталды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады

2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде апробацияға педагогтар мен оқушылар қатысып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
                      
Онда 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар сынақтан өтіп жатыр. 

Мұндағы мақсат — жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сонымен қатар мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.

"Апробация 4-сыныпқа арналған мына оқулықтарды қамтиды: Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу, Орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз) және Цифрлық сауаттылық (электрондық оқулық). Апробацияға педагогтар мен оқушылар қатысып жатыр, бұл литературы функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.