Жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап 37 мың адам 55 жастан зейнетке шығады

The final spritzer

Жаңа жылдан бастап 37 мың адам 55 жастан зейнетке шығады

2024 жылы 55 жастан шартты зейнетке, яғни арнайы төлем алу құқығына 37 мың адам ие болады. Бұл туралы Мәжілістің комитет отырысының кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты.

Бұған дейін вице-министр зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайы әлеуметтік төлем енгізуді көздейтін заңнамаға қандай түзетулер енгізілетінін түсіндіріп берген болатын.

Ол атап өткендей, 55 жасқа толған міндетті БЖЗҚ салымында 7 жылдық өтілі бар адам жұмыс орнынан кеткен жағдайда оған арнайы төлем төленеді.