Жаңбыр жауып, жел соғады - синоптиктер
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, ал күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз еліміздің орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр болады деп болжанады. Тек оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша тұман түсу, желдің күш алуы сынды табиғаттың ортақ сипаты байқалады. Солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрады деп күтіледі"-, делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.