Жаңалықтар

Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр – ҰҚК

Өзге ақпарат жария етілмейді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі редакция сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы бейресми ақпарат таралған болатын. 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында Жақсылық Омар туралы ақпарат тұр. Шенеунік 1980 жылы 28 қыркүйекте Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 

Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарады. 2018-2024 жылдары Өскемен қаласының әкімі болды.