Жаңалықтар

Жақында Байзақ ауданында автоклавты газобетон өндіру зауыты іске қосылады - Ербол Қарашөкеев

Жобаға 1,2 млрд.теңге инвестиция тартылған

Жақында Байзақ ауданында «KazGazBlock» ЖШС-ның бастамасымен
автоклавты газобетон өндіру зауыты іске қосылады. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Facebook- тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Әкімнің жазуынша, өндіріс толық қуатына шыққан кезде жылына 100 000 текше метрге дейін өнім шығарады деп күтілуде.

Аймақ басшысы бұл жоба Мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің өндірісін кеңейтуге, жаңа жобаларын іске асыруға қолдау көрсететіндігінің тағы бір дәлелі екенін алға тартқан. 

Сондай-ақ аймақ басшысы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылай келе, өңірде тұрақты инвестициялық ахуал қалыптасқанын сеніммен айтуға болатынын, негізгі капиталға 196,3 млрд.теңге тартылғанын атап өткен.