Жабайы шошқа асыраған 70 жастағы алматылық жауапқа тартылды
Жабайы шошқа асыраған 70 жастағы алматылық жауапқа тартылды
Аталған фактіні Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мақсатты іс-шара жүргізу барысында анықтады. Жабайы шошқа «Ақсай медик» бағбандық қоғамының үйлерінің бірінен табылды. «Естеріңізге сала кетейін, Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, браконьерлік, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жалпы республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара шеңберінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп жедел-іздестіру топтары құрылды. Бұл жағдайда 70 жастағы азамат М. ҚР ӘҚбК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Аталған өндіріс материалдары сот құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.