Жайна Сламбек «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды

0 24

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған.

2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді. 2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі. Жайна Сламбекқызы — Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж).

Leave A Reply

Your email address will not be published.