Жаңалықтар

Жалақы дауы: Аймағамбетов көтерген мәселеге министрлік жауап берді

The final spritzer

Қазақстандағы жекеменшік мектеп мұғалімдерінің бірнеше ай бойы жалақы ала алмай жүргені жөніндегі мәлімдемеге Оқу-ағарту министрлігі жауап берді.

Мәселені Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді. Оның айтуынша, кейбір мұғалімдер 2024 жылдың желтоқсан айындағы еңбекақысын әлі күнге дейін алмаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрлік 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру құзыреті жергілікті атқарушы органдарға (әкімдіктерге) берілгенін еске салды.

Оператор тарапынан төлемдер мынадай тәртіппен жүргізілген:

2024 жылдың желтоқсаны үшін жалақы толық төленген;

Қаңтар мен ақпан айларына – толық төленген, оның ішінде ата-аналар қосымша ақы төлемейтін Атырау, Алматы және Қызылорда облыстарындағы мектептер де бар;

Наурыз айында – тоғыз өңірге толық төленген, қалған облыстарда төлемдер жартылай ғана жүзеге асқан.

Министрліктің мәліметінше, қалған өңірлерге төлем Қаржы министрлігі мақсатты трансферттерді аймақтық бюджеттерге бөлгеннен кейін жүргізіледі.