Жаңалықтар

Жамбылда 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде - Ербол Қарашөкеев

Бұл туралы Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингке айтты

Ағымдағы жылы 7,4 млрд. теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 23-і пайдалануға беріледі, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында - 20 нысан бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.


Аймақ басшысы облыста  жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30 бен 70 жас аралығындағы мезгілсіз өлім қаупін төмендету бойынша жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.