Жаңалықтар

Жамбыл облыстық ревматология орталығы денситометрмен жабдықталды

Бұл – сүйек тінінің минералды тығыздығын бағалауға арналған бірегей аппарат

Жамбыл облыстық ревматология орталығы енді заманауи денситометрмен жабдықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, денситометрия – жылдам, дәл және ауыртпалықсыз диагностика жасауға мүмкіндік береді. 

Атап айтқанда:

  • Остеопорозды ерте кезеңде анықтауға;  
  • Сүйек сынуының қаупін бағалауға;  
  • Ревматоидты артрит, жүйелі остеопороз, псориатикалық артрит және басқа да аурулар кезінде сүйек тінінің жағдайын анықтауға;  
  • Гормоналды немесе минералды алмасуға әсер ететін дәрі-дәрмектерді қабылдайтын науқастардың сүйек жағдайын бақылауға;  
  • Жарақаттар мен операциялардан кейінгі сүйек тығыздығының бұзылуын анықтауға.  

✔️Бұл тексеру кімдер үшін маңызды?

  • 50 жастан асқан әйелдер мен 60 жастан асқан ерлер;  
  • Ревматологиялық аурулары бар науқастар (ревматоидты артрит, остеопороз және т.б.);  
  • Аз жарақаттардың өзінен сүйек сынуын бастан өткерген адамдар;  
  • Ұзақ уақыт бойы гормоналды препараттарды қабылдап жүрген пациенттер;  
  • Остеопорозбен ауыратын жақын туыстары бар жандар.  


✔️Неліктен бұл маңызды?

Остеопороз көбінесе «үнсіз ауру» деп аталады, себебі ол ұзақ уақыт бойы ешқандай симптомсыз жүруі мүмкін, бірақ ауыр салдарға – омыртқа, жамбас сүйегі және басқа сүйектердің сынуына әкелуі мүмкін. Ерте диагностика емдеуді уақтылы бастауға және асқынулардың алдын алуға көмектеседі.  

Енді бұл зерттеуді Жамбыл облыстық ревматология орталығында өтуге болады.