Жамбыл облысы әкімінің орынбасары өз еркімен жұмыстан босатылды

0 360

Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамының жұмысшысы болып бастаған. Осы жылдар ішінде Талас ауданы Бостандық ауылдық округінің әкімінің орынбасары, әкімі, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетінің басқарма басшысы, «АЛИТ» ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Шу аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысықызметтерін атқарды, 2020 жылдың ақпан айынан бастап Қордай ауданының әкімі қызметін атқарған. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.