Жамбыл облысы ПД басшылығы қоғам қайраткерімен кездесті
Жамбыл облысы ПД басшылығы қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызымен қылмыстың алдын алу, жасөспірімдер тәрбиесі және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Жамбыл облысы ПД басшылығы қоғам қайраткерімен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.
Қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаевпен кездесті.
Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер – түрлі қылмыстардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдер тәрбиесі және ата-ана жауапкершілігі талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық идеологияны нығайту және қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтау мәселелерінің маңызы сөз болды.
Бауыржан Жанаев полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі – қоғам тыныштығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және халықпен ашық диалог орнату екенін атап өтті.
Сәуле Мешітбайқызы жас ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтардың сақталуы – ел болашағы үшін аса маңызды екенін жеткізді.
Кездесу өзара түсіністік пен мағыналы пікір алмасу аясында өтіп, бірлескен жұмыстарды жалғастыру келісімімен қорытындыланды.