Жаңалықтар

Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

The final spritzer

Бұл қызметке Еркін Сақыбаев тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция подполковнигі Еркін Сақыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл туралы ПД бастығы Бақытжан Малыбаев өзінің фейсбуктағы парақшасында хабарлады.

Еркін Игілікұлы алғашқы еңбек жолын Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің техникалық қамтамасыз ету бөлімінен бастап, ұзақ жылдар бойы осы салада табысты еңбек етіп келеді.  

Ол әр жылдары Жамбыл облысы ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

Еркін Сақыбаев ПД аппаратының ақпараттандыру және байланыс желісі бойынша бөліністерге жетекшілік ететін болады.