Жамбыл облысында 7 жасар баланы ит талап тастады
Жамбыл облысында 7 жасар баланы ит талап тастады
Қаратау қаласында 7 жасар ұл баланы ит талап, бет- аузын, екі аяғын қатты жарақаттаған. Есін жоғалтқан жағдайда ауруханаға шұғыл жеткізілген баладан оң жақ бет аймағының ауқымды тістелген және екі аяғының көптеген ашық жаралары анықталып, көп қан кеткендігі белгілі болған. Уақыт күттірмей, аудандық аурухананың бас дәрігерінің емдеу- алдын алу ісі бойынша орынбасары Отыншиев Муратқали Абзелбекұлы бастаған дәрігерлер тобы шұғыл түрде ота жасауға кірісіп , ашылып кеткен еттің бетін тігуге кіріседі. Отадан басқа, науқасқа құтыруға қарсы вакцина егіліп, антибиотикалық емді де бастап кетеді. Ұзақ, әрі күрделі жасалған хирургиялық араласудан соң, ашылған терінің беті тігіліп, балада қан айналымы жүре бастайды. Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқас жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы бірқалыпты жақсарып келеді. Хирургия бөлімінде әрі қарай тиісті ем-дрмын қабылдауда. Баламен аудандық аурухананың психолог мамандары жұмыс жасауда. Отаны хирургия бөлімінің меңгерушісі Ментаев Бахытжан Онласынұлы , бөлімшенің хирург дәрігері Жандабаев Айдос Қаржаубайұлы , анестезиолог- реаниматолог дәрігер Муратбаев Мират Салимұлы жүргізіп, 7 жасар науқастың денсаулығын құтқарды.