Жаңалықтар

Жамбыл облысында бүлдіршіндерді балабақшаға тіркеу онлайн жүргізіліп жатыр

Бұл турады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында бүлдіршіндерді балабақшаға тіркеу онлайн жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл облысындағы балабақшаларда бүлдіршіндерді қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр.

Мұндай мүмкіндік ваучерлік қаржыландыру жүйесінің арқасында іске асуда. Жобаның артықшылығы, ата-ана үйден шықпай-ақ баласын балабақша кезегіне қоя алады. Тіпті бөлінген қаржыны қадағалайды. Былтыр Таразда басталған пилоттық жоба тиімділігін көрсетіп, енді жыл соңына дейін елдегі барлық балабақшаға енгізілмек. Ваучерлік қаржыландыру жүйесі былтыр Таразда пилоттық режимде басталған. Жоба тиімділігін дәлелдеп, республика бойынша тағы 20 қала мен Түркістан және Жамбыл облыстарынан 7 аудан қосылды. Жалпы жаңа жүйе мектепке дейінгі мекемелерді мемлекеттік субсидиямен қаржыландыруға арналған. Бұрын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балабақшаларға қаржыны жергілікті атқарушы органдар тарататын еді. Ал енді ваучерлік қаржыландыру арқылы ата-ананың арнайы шотына аударылады.

Тараз қаласындағы барлық 194 балабақшаға ваучерлік жүйеге енгізілген. Онда тәрбиеленетін 25 мыңнан аса балаға қаражат жаңа жүйемен төленіп жатыр. Жаңа жоба кезек мәселесін де шешуде. Жалпы аймақтағы 2-6 жас аралығындағы балалардың 96,1%-і балабақшаға барады.