Жамбыл облысында биыл балаларға қатысты 20-дан астам оқыс оқиға тіркелген
Жамбыл облысында биыл балаларға қатысты 20-дан астам оқыс оқиға тіркелген
Биылғы жылдың бес айында Жамбыл облысында балаларға қатысты 21 оқыс оқиға тіркелген. Орын алған оқиғалар ішінде 2 өзіне-өзі қол жұмсауға талпыну, 1 өзіне-өзі қол жұмсау, 6 жағдай үйден кетіп қалу, 12 басқа да оқиғалар (4 бала қайтыс болған) бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Атенов хабарлады. Департамент балалар құқығын қорғау бойынша жұмыс істейді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Бақытты бала — бақытты ел» республикалық акция өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, ведомство баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға құқықтарының қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізеді. «Департаменттің Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желісінде парақшалары бар. Сенім телефоны тұрақты жұмыс істейді (451122). Әлеуметтік желіге, оның ішінде «BALA QORGAY» Telegram чатына күнделікті зерделеу жүргізіледі және барлық хабарламаға, сауалдарға жедел әрекет етеді, кеңес беріледі», - деді Ж.Атенов.