Жамбыл облысында борышкерлерден 30 млн теңге өндірілді

0 1

Жамбыл облысының полицейлері борышкерлерден 30 миллионнан астам теңге өндіріп алды.

Жамбыл облысында «Борышкер-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Акцияның мақсаты – «нөлдік төзімділік» қағидатын, жол берілген бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлды өндіріп алудың тиімділігін арттыру.

«Сот орындаушыларының қаулылары бойынша айып тұрағына борышкерлердің 229 көлігі қойылды. Әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуі тиіс», – деді Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мәмбет Смайылов.

Айта кетейік, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде ол өңірлік сот орындаушылары палатасына жіберіледі, олар мүлікті, банк шотын бұғаттап, сондай-ақ борышкердің шекарадан шығуына шектеу қояды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.