ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕГІН ОРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

0 46

Аймақта егін ору науқаны басталғанына екі аптадан аса уақыт өтті. Қазіргі кезде бұл жұмыстар Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарында қызу жүріп жатыр.
Бүгінде облыс бойынша жиналатын 370,0 мың гектар масақты дәнді дақылдардың 46,7 мың гектары орылып, жалпы түсім 80,7 мың тоннаны (бункерлік салмақта) құрады.
Ал, облыс бойынша әр гектардан алынған өнім 17,3 ц/га құраса, Шу ауданында – 18,7 ц/га, Сарысу ауданында – 18,5 ц/га, Меркі ауданында – 17,8 ц/га құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.