Жамбыл облысында халықтың табысы 165%- ға өсті– Әлихан Смайылов

0 157

Үкімет басшысы «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.

“Биыл біз 100 мың тиісті жұмыс орнына 77 млрд теңгені бөліп отырмыз. Сонымен бірге жастарға жұмыс орны деген бағдарламаны біз ұлғайтып және оның шарттарын жақсартып отырмыз.”

Жамбыл облысында ,біз, 2019 жылы пилоттық жоба іске асырғанбыз. Ол — өте төмен 2 жарым пайызбен берілетін несие. Ауылдық жерлерде жеке кәсіпкерлерге үй шаруашылықтарына берілетін несие. Пилоттық жоба ауылдық округте жасалды. Соның нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың саны осы 11 округте 65%-ға төмендеді. Және жұмыссыздық деңгейі 36%-ға төмендеді. Ал, халықтың табысы 165%-ға өсті . Осы пилоттық жобаның нәтижесін көріп,енді барлық өңірде іске асырамыз деген жоспарымыз бар. Және әрбір облысқа келер жылы 10 млрд теңгеден бөлеміз, сосын тиісті механизмдер іске асқаннан кейін ,біз, бұл қаражатты ұлғайтамыз,- деді ҚР Премьер-министрі .

Leave A Reply

Your email address will not be published.