Жамбыл облысында мас адам әйелін төрт баласымен бірге үйден қуып шыққан
Жамбыл облысында мас адам әйелін төрт баласымен бірге үйден қуып шыққан
Жамбыл облысында күйеуі үйінен қуып шыққан әйел мен оның төрт бүлдіршіні дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрлігінің апталық брифингде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Ішкі істер министрлігі 15-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырған. Қазақстанның түпкір-түпкірінде полиция тұрмыстық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама алған. Оның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтаған. Іс жүзінде агрессорлардың барлығы немесе 95% әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай оқиғаның бірі Жамбыл облысында тіркелген.