Жамбыл облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

23 сәуірінде Жамбыл облысында жол-көлік апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты.
Патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Дунбаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде көз жұмды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді.
Сонымен қатар экипаждың екінші қызметкері патрульдік полиция инспекторы Бекзат Сотаев жарақат алған.