Жамбыл облысында ревматологиялық орталық ашылды
Орталықта науқастарға медициналық көмек беру үшін барлық жағдай жасалған
Бүгін Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының базасында алғаш рет ревматологиялық орталығы ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова бұл орталықта ревматологиялық дертке шалдыққан жамбылдықтарға барынша жоғары медициналық көмек көрсетілетінін айтты.
Сонымен қатар, Жанар Оспанова тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндретті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде емхананың жолдамасы бойынша ревматологиялық орталықта тексеру және емдеу тегін жүргізілетінін атап өтті.
Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша ревматологиялық диагнозбен 4825 науқас диспансерлік есепте тұр.