Жаңалықтар

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Биыл эковолонтерлардың қатысуымен өңір бойынша 200 мың көшет егуді де жоспарлап отыр.

«Таза Қазақстан – жарқын болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел аясында белсенді жастар экологиялық мәдениетті қалыптастыру және акцияның маңызы жөнінде атап өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Осындай бағыттағы шара Жуалы ауданында да ұйымдастырылды. Б. Момышұлы ауылында «Таза Қазақстан – Таза әлем» тақырыбымен жастар кездесуі өтті.

Биыл облыста ауқымды іс-шараларды іске асыру көзделген.

Тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақ пен сквер аумағына санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Сонымен бірге 1 000 шақырым канал мен арық жүйесі, 200 мың аула мен 10 мың шақырым көше жолы күл-қоқыстан тазартылады. Бұдан бөлек, 200 мыңға жуық көшет отырғызылады деп күтілуде.