Жамбыл облысында ұрланған мал иесіне қайтарылды

0

Осыдан бірнеше күн бұрын Жамбыл ауданының полиция бөліміне 70 жастағы тұрғын хабарласқан.

Ол жайылымдағы жылқыларын белгісіз біреулердің айдап кеткенін айтып, шағым түсірді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көршілес Алматы облысында үш күдікті анықталып, ұсталды. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты.

Нұржан Қалметов, облыстық ПД басшысының орынбасары:

– Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы сомасы 9 миллион теңгені құрайтын жылқыларды полицейлер Алматы облысынан тауып, иесіне қайтарды. Осыған байланысты ауыл тұрғындарын малды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.