Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы заманауи зертхана қан құрамын талдауда рекордтық межеге жетті

Үш жыл бұрын Президенттің өзі барып ашқан медициналық мекеме бүгінге дейін 2 жарым млн талдау жасаған.

Жамбыл облысы Байзақ аудандық емханасындағы заманауи зертхана қан құрамын талдау бойынша рекордтық көрсеткішке жетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  qazaqstan.tv сілтеме жасап.

Бұл бұрынғыдан екі есеге артық. Әзірге бұл межені аймақтағы өзге мемлекеттік медициналық мекеме бағындырмаған. 11 адамнан тұратын персонал 20-ға жуық жапониялық құрылғымен жұмыс істейді. Зертхана цифрландыру технологиясын енгізу жоспарын 100 пайызға орындап отыр. Соның арқасында күніне 250 науқастан қан алып, 3 600 зерттеу қорытындысын алады.

Арғынбай Ысқақов, Байзақ ауданының тұрғыны:

Енді шағын мекеме шалғайдағы 17 елдімекеннен өздеріне қарасты филиал ашпақ. Ол үшін халықаралық стандарттау орталығынан аккредитация алуды жоспарлап отыр. Зертханада талдау жасау жылдамдығы дамығандықтан, облыс орталығында тұратын науқастар да қан өткізеді.

Назерке Тұрдалиева, Байзақ аудандық орталық емханасының зертхана бөлімінің меңгерушісі: