Жаңалықтар

Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі анықталды

The final spritzer

Көлік айып тұрағына қойылды.

Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі анықталды, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Polisia.kz сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерімен аумақты патрульдеу барысында Батыс Еуропа — Батыс Қытай тас жолының 476-шақырымында Toyota Alphard автокөлігі тоқтатылды. 

26 жастағы ер адамның жалған мемлекеттік нөмірлі көлікті басқарғаны белгілі болды. 

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес (Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Сот шешімімен ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.