Жамбыл облысында жаяу жүргіншілер кінәсінен жолда 8 адам қаза тапқан

0

Жамбыл облысында жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің кінәсінен 113 жол-көлік оқиғасы орын алған.

Жол-көлік апаттары салдарынан 8 адам қаза тауып, 109 адам түрлі жарақат алды. Соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 39 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 42 бала зардап шекті.

«Ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша 3 338 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары азаматтарды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік шараларын бұзбауды ескертеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.