Жамбыл облысында жер сілкінісінен бүлінген баспана саны азайды
Меркідегі 5 баллдың зілзаладан аудандық аурухана ғимараты, бірнеше ауылдағы амбулатория, балаларды оңалту орталығы мен балабақша қабырғаларына сызат түскен.
Жамбыл облысында зілзаладан бүлінген баспана саны азайды. Үкіметтік жұмыс тобы тұрғындардан түскен арыздарды қарау барысында кейбір үйдің бұған дейін де тозығы жетіп тұрғанын анықтаған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ktk.kz сілтеме жасап.
Телеарна тілшісінің хабарлауынша, әуел баста зілзаладан 122 баспана зақымданды делінген. Алайда нақты бүлінген үй саны 12 болып шыққан.
Мамандар шығын көлемін шығару үшін әлі де сараптама қорытындысы қажет дейді. Өйткені Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданында 17 әлеуметтік нысан зақымданған.