Жамбыл облысындағы коронавирустың ағымдағы жағдайы туралы

33

Ағымдағы жылдың 3 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 47 жағдайы тіркелді, оның 35-і симптомдық, 12-і симптомсыз.

Атап айтсақ, Тараз қаласында 35-78 жас аралығындағы тұрғындар арасында 28 симптоматикалық жағдай анықталған десек, 1965, 1966 жылы туған екі науқас бір отбасының мүшелері, олар зертханалық расталған COVID-19-бен ауырған адаммен тығыз байланыста болған.

Сондай-ақ, Меркі ауданында 1952, 1999 жылы туған тұрғындар арасында 2 жағдай, Жамбыл ауданында 1963, 1965 жылы туған тұрғындар арасында 2 жағдай, Талас, Қордай және Т.Рысқұлов ауданындарында 1939, 1948, 1972 жылдары туған тұрғындар арасында 1 оқиғадан тіркелген.

Симптомдық тасымалдаушылар инфекциялық аурулар мен провизорлық стационарларда ауруханаларда ем алуда. Олармен байланысқан адамдар карантинге оқшауланды. Қорытынды дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Шу ауданында 11-57 жас аралығындағы тұрғындар арасында 5, Қордай ауданында 1981, 2008, 1999, 1991 жылы туған тұрғындар арасында 4 сипмтомсыз жағдай расталса, олардың барлығы байланыста болған тұлғалар. Бұдан бөлек, 1973, 1989 жылы туған екі тараздықтан және 1966 жылы туған Байзақ ауданының бір тұрғынынан симптомсыз коронавирус табылған. Олардың барлығы үй карантиніне алынған.

Жалпы, үстіміздегі жылдың 3 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 3683 жағдайы тіркелген, оның 3004-і емделіп шықты.