Жамбыл облысындағы зауыт вакцинаның қандай түрлерін шығарады?

0 0

Жамбыл облысында салынып жатқан зауытта қандай вакцина түрлері өндірілетіні белгілі болды.

«Биыл сәуір айында 50 мың доза вакцина өндірілді. Осы маусым айында тағы 100 мың доза шығарады. Шілде, тамыз айларында 500 мың дозаға дейін өндіретін боламыз. Ал қыркүйек айынан бастап вакцина өндіру көлемін 1 млн-ға дейін жеткіземіз. Сонымен қатар зауыт коронавирус қана емес, басқа да ауру түрлерімен күресетін вакцина өндіреді деп жоспарланған. Сондай-ақ, тек адам ғана емес, жануарларға да арналған вакцина түрлерін шығарады. Зауыт келесі жылдан бастап өндіріс қуатын толықтай пайдалануы тиіс, сол үшін де бірнеше бағытта жұмыс істейтін болады», — деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін өңір басшысы Жамбыл облысындағы салынып жатқан вакцина өндіретін зауыттың қашан іске қосылатынын айтқан болатын.

Б.Сапарбаевтың айтуынша, бүгінде зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.