Жамбыл облысындағы жолдардан 2 мыңнан астам кемшілік анықталды

0

Жамбыл облысында жолдарды тексеру барысында 2 117 ақау анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мәмбет Смаилов айтты.

Нақтырақ айтар болсақ, республикалық маңызы бар автожолдарда 59 кемшілік, облыстық маңызы бар жолдарда 81, аудандық автожолдарда 367 және де елді мекендердің көше-жолдарында 1 610 кемшілік анықталды. Былтыр бұл көрсеткіш 2 842 болатын.

«Жыл басталғалы 3 айда жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында облыс автожолдарына 493 тексеріс жүргізілді. Соның ішінде тексеріспен қамтылғаны – 3088 шақырым. Тексеріс қорытындысына сәйкес жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 493 жазбаша өкім берілген. Автокөлік жолдарына қызмет көрсетудегі кемшіліктер бойынша аудандық және облыстық атқару органдарына 104 ақпарат жолданды, оның 52 жергілікті органдарға жолданды», — деді, М.Смаилов.

Автокөлік жолдарына қанағаттанарлықсыз қызмет көрсеткені және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін облыс бойынша 46 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.