Жаңалықтар

Жамбыл облысының шаруалары толығымен өтемақы алды-Қанатбек Мәдібек

Жамбыл облысының шаруалары толығымен өтемақы алды-Қанатбек Мәдібек

Жаз айларында орын алған суармалы су тапшылығы мен құрғақшылық салдарынан зардап шеккен Жамбыл облысының шаруалары толығымен өтемақы алды деп хабарлайды Jambylinfo.kz.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында жамбыл облысы әкімінің орынбасары мәлім етті. Спикердің айтуынша, облыс шаруаларына келтірілген шығынды өтеу үшін ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде елдің төтенше резервінен 3,7 млрд. теңге бөлу туралы шешім қабылданған. Арнайы комиссия зардап шеккен ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, шаруалардың ұсынған растайтын құжаттары бойынша өтемақы төленетін тізімге 358 шаруа қожалығы енген. Оларға төтенше резервтен 2,7 млрд. теңге өтелген.

Өңірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде суармалы егіс алқаптарындағы 9 мың гектардан астам жерге егілген өнім – жазғы кезеңде суармалы су тапшылығы мен құрғақшылықтан жарамсыз деп табылған дейді Қанатбек Мәдібек.